ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 сәуір 2024 09:45
Ақтауда балаларының көзінше әйелге қол көтерген ер адам іздестіріліп жатыр
Ақтауда ер адамның әйеліне шабуыл жасағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтауда ер адамның әйеліне шабуыл жасағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Камера көпқабатты үйде орнатылған. Шабуыл кіреберісте жасалған.
Кадрлардан ер адамның әйелдің қолын бұрап, аузын жауып жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, ол ешкім көрмегеніне көзжеткізу үшін жан-жағына қарайды.
Кадрда үй тұрғындарының бірі көрінеді. Оны көргенде ер адам біраз уақыт тынышталады.
Оқиға лифтте жалғасқан. Мұнда әйелдің жантүршігерлік айғайы мен балалардың жылағаны естіледі. Бір сәтте жәбірленуші ер адамды лифттен шығарып үлгереді.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу