Ақтауда базардан өрт шықты

© lada.kz

Ақтауда 23-шағынаудандағы "РусКаз" базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz және inaktau.kz басылымдарына сілтеме жасап.

Ақтауда 23-шағынаудандағы "РусКаз" базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz және inaktau.kz басылымдарына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, кеше сағат 23:00 шамасында базарда алты бутик өртенген. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"11 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 23-шағынауданда алты бутик өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін 5 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылған", - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Кейін департамент өкілдері базардағы өрттің сөндірілгені туралы хабарлады. Көрші дүкендердің иелері тауарларын алып кетіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама