Ақтауда біреудің баласын ұрған әйел жазаланады

Ақтауда біреудің баласын ұрған әйел жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда біреудің баласын ұрған әйел жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 17-шағынаудандағы футбол алаңында болған. Видео авторының айтуынша, балалар футбол ойнаған. Бір кезде ұлдардың бірі доппен басқа балаға тиіп кеткен.

"Әжесі немересіне доппен тиіп кеткен баланы ұра бастады. Зардап шеккен баланың анасы бұл уақытта қалада болмаған, ал әкесі жұмыста болған", - дейді оқиға куәгері.

Реклама
Реклама

Облыстық полиция департаменті тәртіп сақшылары бұл мекенжайда тексеру жүргізіп, деректің расталғанын хабарлады. Оқиға 14 шілдеде болған. 15 шілдеде кешке таяқ жеген баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасына барған.

"64 жастағы әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша хаттама толтырылып, шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жолданады", - деді департамент.

Енді әйелге 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл салынуы немесе ол 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама