21 сәуір 2016 15:51

Ақтауда бұзақылар қонғалы жатқан ұшақтың пилотының көзіне лазер сәулесін түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pg13.ru © Pg13.ru

Ақтау әуежайында ұшқышты лазер көмегімен соқыр ету дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасовқа сілтеме жасап.


Ақтау әуежайында ұшқышты лазер көмегімен соқыр ету дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасовқа сілтеме жасап.

Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдай екі рет болған. Соңғысы 13 сәуірде қайталаныпты.

"Air Astana компаниясының КС-313 ұшағының ұшқышы қонар кезде жасыл түсті лазер сәулесіне көзінің күйгенін айтты. Бұзақы қуаты жоғары лазер сәулесімен ұшқышты соқыр қылған. Бұл өте жаман жағдай, ұшақта жүздеген жазықсыз адам болуы мүмкін. Мұндай кезде ұшқыш бірнеше секунд бойы көрмей қалады. Сондықтан да біз тұрғындардан мұндай қадамға барар кезде кінәсіз адамдардың өмірі туралы жақсырақ ойлауды сұраймыз", - деді Ерғазы Жолдасов.

Айта кетейік, бір жыл бұрын да Ақтауда осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде де Air Astana компаниясы экипажының қызметкерінің көзі көрмей қалды. Екі жағдайда да басшылық полицияға шағым түсіргенімен, бұзақылар табылмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети