Ақтауда экстремалдарды көлігінің шатыры мен капотына отырғызып айдаған жүргізуші жазаланды

Видео кадры

Ақтауда экстремалдарды көлігінің шатыры мен капотына отырғызып айдаған жүргізуші жазаланады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтауда экстремалдарды көлігінің шатыры мен капотына отырғызып айдаған жүргізуші жазаланады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Видео әлеуметтік желіде тарады. Маңғыстау облысының Полиция департаменітінің мәліметінше, 10 қаңтарда "Мираж-3" патрульдік полициясы ВАЗ-2108 маркалы көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзғанын анықтаған. 

"Бұл дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабының, 1-бөлігі бойынша және 612-бабының, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді ведомство өкілдері.  

Реклама
Реклама

Жүргізушінің көлігі айып тұрағына апарылды. Жалпы көлемде жүргізуші 25 АЕК, яғни 72 925 теңге айыппұл төлеуі мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама