ПОДЕЛИТЬСЯ
16 сәуір 2023 | 10:11
Ақтауда ер адам із-түссіз жоғалып кетті
Ақтауда 6 сәуірде жігіт жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда 6 сәуірде жігіт жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
"Приморский" тұрғыны Кәрім Свамбаев 6 сәуірде сағат 17:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ер адам қара капюшоны бар кофта, джинсы шалбар және қоңыр аяқкиім киген.
Ерекшеліктері: орта денелі, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.
Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған адамды іздеп жатыр.
"Бағдарлау қағазы ілініп жатыр. Тұрақты шаралар өткізіліп тұрады", - деді Lider.kz еріктілері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также