ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2024 | 10:47
Ақтауда ер адамның аулада тұрған көлікке секіріп, тепкілегені видеоға түсіп қалды
Ақтауда ер адамның аулада тұрған көліктің үстіне секіріп шыққаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда ер адамның аулада тұрған көліктің үстіне секіріп шыққаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 32В ықшамауданындағы №8 үйдің маңында болған. Видеода ер адам ойын алаңында сусын ішіп, сосын жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, кейін белгісіз затты лақтырғаны көрінеді. Бұдан кейін ол қашып кеткен.
Ақтау ПБ құқықбұзушылық 23 сәуірде сағат 07:00-де жасалғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталған.
"Учаскелік полиция инспекторлары дереу көрсетілген мекенжайға барып, құқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі ("Тыныштықты бұзу") бойынша хаттама толтырылды", - делінген полиция хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также