18 шілде 2022 | 13:59

Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирді ұйымдастырушы қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирде полицейді итеріп жіберген ұйымдастырушы 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирде полицейді итеріп жіберген ұйымдастырушы 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 шілдеде Ақтауда халықаралық турнир өтіп, оған UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қонақ ретінде қатысты.

"Келесі күні әлеуметтік желілерде ұйымдастырушылардың бірі полиция қызметкерін итеріп жіберген видео тарады. Видеодағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді", - деді полициядағылар.

Реклама
Реклама

Әкімшілік сот шешімі бойынша, Ақтау қаласының арнайы қабылдау орнында 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шыққан.

Еске салайық, MMA бойынша Naiza 41 x Eagle 48 халықаралық турнирі аяқталғаннан кейін жанкүйерлер Ақтау жағалауында UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовті қоршауға алған болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная