06 сәуір 2021 | 09:07

Ақтауда халықаралық әуежай шұғыл қоршауға алынды

© lada.kz

5 сәуірде кешке Ақтаудағы халықаралық әуежай аумағын полиция қоршауға алды. Бұл туралы куәгерлер түрлі ақпарат таратты, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

5 сәуірде кешке Ақтаудағы халықаралық әуежай аумағын полиция қоршауға алды. Бұл туралы куәгерлер түрлі ақпарат таратты, - деп хабарлайды "Лада".

Әуежайға келушілер эвакуацияланды. Жағдайға қатысты түрлі нұсқа айтылды. Кейбірінің айтуынша, әуежайға күдікті зат қойылғаны туралы хабарлама түскеннен кейін аумақ қоршалған.

"Шымкенттен келген FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында коронавирус жұқтырған адам болған. Ұшақ оқшауланған тұраққа қойылды. Бір сағат бойы жолаушыларды шығармады. Санитариялық-эпидемиологиялық және басқа қызметтердің келуін күтеді. Жолаушылар жағдайға наразылық білдірді", - деді басылымның дереккөзі.

Реклама
Реклама

Құзыретті қызметтер жағдайға ресми түсініктеме берген жоқ. "Лада" редакциясы мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысы ПД-дан түсініктеме күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная