Ақтауда итбалықтың екі метрлік мүсіні орнатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: А. Убейкин/inaktau.kz Фото: А. Убейкин/inaktau.kz

Ақтауда "наразылық" белгісі ретінде итбалықтың екі метрлік мүсіні орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда "наразылық" белгісі ретінде итбалықтың екі метрлік мүсіні орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

"Итбалықтың" шағын архитектуралық формасын шығармашылық ұжым жасаған. Авторлық туынды демеушілік қаражат есебінен Ақтау қаласындағы 15-ықшамаудан жағалауында орнатылған.

Нысан биіктігі - 2,3 метр. Ол металл құрылымнан жасалып, сырты тот баспайтын болатпен қапталған.

Реклама
Реклама

Сурет: "Итбалық"\inAktau.kz

Әкімдік мәліметінше, итбалық Ақтаудың символдарының бірі - Каспий теңізінің эндемигі.

"Авторларды, кейінгі бірнеше жылда осы әдемі жануарларға қатыгездікпен қарау туралы жаңалықтар алаңдатады. Бұл шағын архитектуралық пішін - бізді қоршаған өте нәзік және қорғансыз әлемге қатыгез көзқарасқа наразылық", - деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Сурет: "Итбалық"\inAktau.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная