16 қаңтар 2023 | 13:53

Ақтауда жоғары қабаттан лақтырылған жиһаз салдарынан ер адам сал болып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған диван ер адамның үстіне түскен. Салдарынан оның мойын омыртқасы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған диван ер адамның үстіне түскен. Салдарынан оның мойын омыртқасы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда 13:00 шамасында болған. Тұрғындар алтыншы қабаттағы пәтерден жиһазды лақтырып, ол 39 жастағы ер адамның үстіне құлаған. Оны ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Реклама
Реклама

"Ол жерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұрады дейді. Оқиға кезінде үйде 12-13 жас шамасындағы жасөспірім болған екен. Ал ата-анасы үйде болмапты. Диванды лақтырған сәтті көрген куәгерлерлер болса +7 702 811 03 82 телефонына хабарласуын сұраймыз", – дейді зардап шеккен ер адамның ағасы.

Туыстары ер адам қазір ауруханада екенін, мойын омыртқасы үзіліп, аяқ-қолы сал болып қалғанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная