Ақтауда жол ортасында шомылғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақтауда жол ортасында шомылғандар ұсталды Видеодан алынған кадр

Ақтау полицейлері жолдың қақ ортасында шомылған жігіттерді ұстап, жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтау полицейлері жолдың қақ ортасында шомылған жігіттерді ұстап, жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жаяу жүргіншілер өткелінде жігіттің үстіне белгісіз адамның бөтелкеден су құйып жатқанын көруге болады.

Жарнама
Жарнама

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бәстен ұтылмас үшін жолдың қақ ортасында шомылу ұйымдастырған бір топ жігіт жауапкершілікке тартылды.

"Жаяу жүргінгішілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін азаматтарға ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жолда көбікті сумен шомылғаны үшін және шомылуға көмек көрсеткендерге ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама