ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2021 | 09:07
Ақтауда қалалық жағажайда алты жасар қыз суға батып кетті
Ақтауда қалалық жағажайда 2015 жылғы қыз суға батып кетті. Ол балалар ауруханасына өлі жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда қалалық жағажайда 2015 жылғы қыз суға батып кетті. Ол балалар ауруханасына өлі жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жексенбіде болды. Күн ыстық болып, теңізде адам көп жүргеніне қарамастан, балаға ешкім көмектесе алмаған.
Куәгерлердің айтуынша, демалушылардың бірі қызды судан өлі тапқан. Ал жедел жәрдем кептеліске байланысты біраз уақыт төтенше жағдай орнына жете алмаған.
Бала шомылуға әпкелерімен кеткен, ал ата-анасы жағалауда болған. Ақтаудағы жағажайға отбасы көрші ауылдан келген. Бұл жердегі теңіз таяз, бірақ жағажай апатты саналады.
"28 маусымда сағат 12:30-да ТЖ департаментінің дағдарыстық жағдайлар басқармасына 103 жедел медициналық жәрдем қызметінің диспетчерінен 27 маусымда сағат 21:03-те Ақтау қаласының Приморский шағынауданында қалалық жағажай аумағында куәгер судан мәйіт шығарылғаны туралы телефон хабарламасы түсті. Ол отбасымен шомылуға жабдықталмаған жерде болған", - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также