28 маусым 2024 | 16:18

Ақтауда Каспий теңізіне лас су құйылып жатқаны видеоға түсіп қалды

видео кадры

Ақтау тұрғыны, өзінің айтуынша, кәріз суының теңізге құйылып жатқанын видеоға түсіріп алған. Маңғыстау облысының Экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау тұрғыны, өзінің айтуынша, кәріз суының теңізге құйылып жатқанын видеоға түсіріп алған. Маңғыстау облысының Экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтаулық блогер әлеуметтік желідегі парақшасына Каспий теңізіне лас су құйылып жатқаны түсірілген видеоны жариялады.

"Ақтауды Каспий теңізіне қалдықтарды ағызу тұрғысынан Баку мен Махачкаламен салыстырғанда әлдеқайда экологиялық таза деп санаған едім. Не істегендеріңіз, бұл жалғыз қалалық жағажай ғой?!"- деп жазды видео авторы Азамат Сәрсенбаев.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев порталдың сауалына жауап беріп, видеоның ескі екенін айтты. Оған дәлел ретінде 28 маусымда каналдағы судың таза екенін көрсететін суретті жіберген.

Бұл ретте Азамат Сәрсенбаев бұл бейнежазбаны 26 маусымда таңғы сағат 7-де түсіргенін және "лас суды ағызу" аяқталуы мүмкін екенін айтады. Алайда, қоғам белсендісінің айтуынша, бұл әрекеттерге "көз жұмауға" болады дегенді білдірмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная