09 ақпан 2022 | 11:35

Ақтауда көпбалалы аналар тегін пәтер беруді талап етіп митингіге шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Lada.kz

Ақтауда көпбалалы аналар тегін пәтер беруді талап етіп митингіге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда көпбалалы аналар тегін пәтер беруді талап етіп митингіге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдер қаланың орталық жолдарының бірін жауып тастады.

"Кеше, 8 ақпанда Ақтау қаласынан жалға берілетін тұрғын үй алған Жаңаөзен қаласының 30 тұрғыны облыс әкімдігіне келіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне облыс әкімдігі жазған қызметтік хаттың көшірмесін талап етті. Бұл әйелдер бұған дейін де әкімдікке келіп, қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіруді талап еткен. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселені зерделеу үшін топ өкілдерінің қатысуымен комиссия құруды ұсынды", - деді Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдері.

Реклама
Реклама

Видео: Lada.kz

Ведомство мәліметінше, бүгінде комиссияның екі отырысы өткен.

"8 ақпанда кешке әкімдікке бір топ әйел келіп, комиссия отырысын жалғастыруды талап етті. Олар жауапқа қанағаттанбай, облыс әкімдігі маңындағы жолды жауып тастады. Тәртіп сақшылары жолды тазалап, әйелдерге олардың әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу екенін түсіндірген", - деп толықтырды әкімдіктегілер.

Полиция шерушілердің ешқайсы ұсталмағанын айтты.

"Полицейлер тек қоғамдық тәртіпті бақылады. Жол 5 минуттай жабылып, кейін ашылды. Түнде бәрі тарап кетті", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная