Ақтауда құрылыс компаниясының басшылығы сотталды: 5 жер телімі мен 47 көлікке бұғат қойылды

видео кадры

Ақтау қаласында "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" секілді көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтау қаласында "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" секілді көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл істі ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті тергеді. Тергеу барысында "ИнтерьерСтройАқтау" ЖШС басшыларының құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасағаны анықталған.

Салдарынан үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден аса қаражат тартылған. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған.

Реклама
Реклама

"1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, оны компания басшылығы иемденген. Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 көлікке тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударыған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама