Ақтауда Land Cruiser тізгіндеген жасөспірім полицейлерден қашып кетпек болған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтауда жол талғамайтын көлік тізгіндеген жасөспірім полицейлерден қашып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ақтауда жол талғамайтын көлік тізгіндеген жасөспірім полицейлерден қашып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 7 ақпанда видеоға түсіп қалған. Полиция қызметкерлері Ақтаудағы 30 және 19-шағынаудандар арасындағы жолда Toyota Land Cruiser Prado көлігін байқап қалды. Көлік жүргізушісі жол ережесін сақтамай, полицейлердің көлікті тоқтату туралы бұйрығына бағынбай, қашып кетпек болған.

Реклама
Реклама

"Полицияның қосымша күштерін тарта отырып, көп ұзамай 30-шағынауданда көлік тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізуші 13 жастағы бала екені анықталды. Полиция қызметкерлері жас жүргізушіні кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға тапсырып, жасөспірімнің заңды өкіліне әкімшілік хаттама жасады", - делінген хабарламада.

Көлік айыппұл тұрағына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама