19 қараша 2018 | 18:11

Ақтауда "Ілім бұлағы - кемелдік нәрі" конференциясы өтті

Бүгін Ақтау қаласында Ержан Хазірет (Ермұхаммед) Төлегенұлы абыздың мұралары тағылымына арналған "Ілім бұлағы - кемелдік нәрі" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ақтау қаласында Ержан Хазірет (Ермұхаммед) Төлегенұлы абыздың мұралары тағылымына арналған "Ілім бұлағы - кемелдік нәрі" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Конференция барысында Ержан Хазірет бабамыз қолданған рухани ғылым, ғибратқа толы өмір жолы және тағылымы төңірегінде белгілі дінтанушылар мен ғалымдар тарапынан баяндамалар жасалып, «Ілімнің бұлағы-тақуалық қайнары» атты хазірет кітабының тұсаукесері өтті.

Реклама
Реклама

Конференцияға Маңғыстау облысының әкімі ЕралыТоғжанов, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары Мырзаев Балғабек Әбдіқаймұлы, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының орынбасары, найиб муфти Бауыржан Есмахан, Нұр-Мүбәрәк университетінің проректоры Құрманбаев Қайрат, дінтанушы, ғалым Исахан Мұхан, Қызылорда қаласы «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы, тасаууфтанушы Рысбай Дайрабай Серікбайұлы, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы Қабиболла Сыдиықұлының жары, Ержан Хазіреттің қолжазба мұраларын сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуші Омарқызы Гүлшатапай және Ержан Хазірет бабамыздың қызы Ержанқызы Несіпхан қатысты.

"Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мәселелері"; "Ізгілердің ізбасары Ержан (Ермұхаммед) хазірет және еліміздегі діни ағарту мәселелері"; "Ержан хазірет және оның діни мұралары" тақырыптарында баяндамалар жасалды. 

Жиында сөз алған Ералы Тоғжанов былай деді: "Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында "Ұлттық санамыздың қалыптасу негізінде ұлттық тәжірибелермен қатар, діни құндылықтарымыздың да жатқандығын ескерсек, қазақ халқының дәстүрлі діні ұлттық кодымыздың тарихи негіздерінің бірі болып табылады".

Бүгінгі бас қосу аясында  біздер әсерлі сәттің, тарихи оқиғаның куәсі болғалы отырмыз. Өмірінің соңына дейін астыртын және жария түрде қудалау мен қадағалау аясында болған Ержан Хазіреттің "Иман шарт", "Діни өсиет", "Шариғат" және "Намаздағы дұғалар" қолжазбаларын көне шағатай тілінде жазып қалдыруының өзі үлкен көрегендіктің, парасаттылықтың, ақылдылықтың, жүрек имандылығының, руханиятты сезебілуінің және елдің жарқын болашағына сенуінің айқын  көрінісі.

Жуырда қолжазбаларды тәжірибелі тәржімашылар қазақ тіліне аударып, тиісті орындарға түпнұсқамен дәлдігін арнайы тексерткен соң, жазбалар көне шағатай тіліндегі нұсқасы, қазақ тіліндегі аудармасы және транскрипциясы қатар берілген көрнекті "Өсиетнама", "Ілімнің бұлағы - тақуалық қайнары" атты кітап болып басылып шықты. Қолжазбаны көзінің қарашығындай сақтап, бізге жеткізген ғалымдарға алғыс айтамын деді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная