Ақтауда мас күйде тапаншамен жүрген ер адамды ұстау сәті видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Полиция Ақтауда мас күйдегі ер адамды ұстады. Тұрғыннан тапанша және оған арналған оқ-дәрілер табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция Ақтауда мас күйдегі ер адамды ұстады. Тұрғыннан тапанша және оған арналған оқ-дәрілер табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 19-шағынауданда мас ер адам жүргені туралы хабар кезекші бөлімге түскен.

Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, 40 жастағы қала тұрғынын анықтады. Куәлардың қатысуымен қарау кезінде, ер адамнан дабыл тапаншасы мен оқ-дәрілер тәркіленген. Ұстау рәсімі полиция тарапынан видеоға түсірілген.

Реклама
Реклама

Медициналық сараптама нәтижесінде оның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Ол тергеу тобына тапсырылды, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп мәлімдеді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама