11 қазан 2022 | 13:47

Ақтауда мысықты биік қоршаудан лақтырған ер адамның видеосы тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Желіде Маңғыстау облысында мысықтың баласын биік қоршаудан лақтырғандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Маңғыстау облысында мысықтың баласын биік қоршаудан лақтырғандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны жергілікті телеграм-арнасына жазылушылардың бірі жолдаған. Видеодан белгісіз ер адамның мысықтың марғауын қолында ұстап тұрғанын көруге болады. Кейін ол бар күшімен оны қоршаудан асырып лақтырып жібереді. 

Polisia.kz Telegram-арнасы мысықты лақтырған адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Мысықты лақтырған Маңғыстау облысының 14 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол мысық тауығын рұқсатсыз жеп қойғандықтан жазалағанын және видеоға түсіріп алғанын айтқан. 

Реклама
Реклама

"Аталған дерек бойынша жасөспірімнің ата-анасына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен "Тәрбие және (немесе) білім беру, құқықтарын және құқықтарын қорғау міндеттерін орындамау" әкімшілік хаттама толтырылды. Жасөспіріммен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная