Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам ұсталды

Ақтауда мысықтың басына секірген 35 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда мысықтың басына секірген 35 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқиға 4 қазан сағат 22:00 шамасында Ақтау қаласындағы 6 шағынауданда болған. 35 жастағы мас ер адам мысықтың басына секіріп, денсаулығына зақым келтірген.

"Дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 316-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Ер адамға 120 айлық есептік көрсеткішке дейін (367 560 теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе дәл сол мөлшерде түзету жұмыстарына, 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Ер адам өз әрекетін мойындаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама