Ақтауда пәтердегі жарылыстан ер адамның бір қолы жұлынып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтауда пәтерлердің бірінде жарылыс болып, ер адамның қолы жұлынған. Жәбірленуші реанимацияда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ға сілтеме жасап.

Ақтауда пәтерлердің бірінде жарылыс болып, ер адамның қолы жұлынған. Жәбірленуші реанимацияда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ға сілтеме жасап.

Оқиға өткен сенбі, 3 желтоқсанда 27-шағынаудандағы №46 үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан.

Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған.

Реклама
Реклама

Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.

"Егжей-тегжейлі ақпарат дүйсенбіде беріледі", - деді аурухана өкілі.

№46 үй тұрғындары зардап шеккен ер адам - әскери қызметші. Ол бұл пәтерде отбасымен бірге тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама