ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2019 | 12:11
Ақтауда салт-дәстүрді дәріптеген айтыс өтті
27 қарашада Ақтауда Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен "Салт-дәстүр - тәрбие көзі" атты айтыс өтті, - деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қарашада Ақтауда Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен "Салт-дәстүр - тәрбие көзі" атты айтыс өтті, - деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Айтысқа барлығы 10 жас ақын қатысты. Нәтижесінде Мейірбек Саламатов бас жүлдені жеңіп алды. Өнер додасын ақын Нұрлан Мұсаев жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты - жастардың діни сауатын арттыру, жат ағымдардың зардаптарынан сақтандыру, ұлттық өнер - сөз барымтасы арқылы ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дін жолын насихаттау. Қоғамның өзекті мәселелерін қара өлеңмен өрген айтыскерлерге ақын, республикалық мүшайралардың жеңімпазы, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты Асылбек Жаңбырбай, айтыскер ақындар Алтынбек Сүйінбекұлы мен "Жыр жебе" ақындар мектебінің директоры Фархад Мұсаев, Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гульмира Балгожаева және "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық офисінің басшысы Гүлайым Азан төрелік етті.
Сөз додасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының I курс студенті Мейірбек Саламатов топ жарды. 1-орынды Қазақ ұлттық өнер университетінің I курс студенті Алшын Суемов иеленді. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының I курс студенті Ердәулет Сардар 2-орынды алды.
Ал Білім-инновация лицейінің 11-сынып оқушысы Рамазан Тезекбаев 3-орынды қанжығасына байлады. Қарақиялық 11-сынып оқушысы Жанболат Әлиев "Көрермен көзайымы" номинациясын иеленді.
Показать комментарии
Читайте также