23 мамыр 2023 15:40

Ақтауда шатырдағы қызды құтқару сәті видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

22 мамырда полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев 27 шағынаудан мекенжайына жедел шақырту бойынша барғаны айтылды.

"Шатырға көтерілген полицейлер қыздың төменге секіруіне жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен қауіпсіз жерге түсіріп алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram