Ақтауда сот ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлерін жұмыстан шығаруға рұқсат берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстау облысында наразылыққа шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыстан шығарылуы мүмкін. Сот олардың наразылығын заңсыз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында наразылыққа шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыстан шығарылуы мүмкін. Сот олардың наразылығын заңсыз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жалақы көтеруді, әлеуметтік пакетті және фельдшерлер мен жедел жәрдем бригадаларының санын көбейтуді талап еткен қызметкерлер алты күн қатарынан жұмысқа шықпаған. 

Жұмысқа шықпаған қызметкерлерінің әрекетіне келіспеген басшылық сотқа жүгінген. Сот істі зерттей келе заңсыз деген қорытындыға келген. Өйткені наразы топ наразылыққа шықпастан бұрын басшылыққа ресми хат жолдауы керек екен. Онда келіспеушіліктердің тізімін, талаптарын, наразылықтың өтетін орны мен уақыты да көрсетілуі керек.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда наразылық заңсыз деп танылды. Қызметкерлер жұмысқа келмей, наразылықтарын жалғастырған жағдайда тәртіптік жаза қолдану қарастырылады", - деді Ақтау қалалық №2 сотының судьясы Рахымжан Бейсенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама