ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2023 | 14:45
Ақтауда терезеден лақтырған жиһаз ер адамның үстіне түскен: тұрғынға ота жасалды
Ақтаудағы Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары басына жиһаз түскен 39 жастағы ер адамға ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтаудағы Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары басына жиһаз түскен 39 жастағы ер адамға ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Омыртқа толығымен имплантпен ауыстырылды. Омыртқаны қысатын сүйек құрылымдары алынып тасталды, осылайша жұлын босады. Отадан кейінгі жағдайы тұрақты және ауыр. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр", - деді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.
Дәрігерлердің айтуынша, науқасты жақын арада бөлімшеге ауыстыру жоспарланып отыр.
Еске салайық, Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған жиһаз ер адамның үстіне түскен. Салдарынан оның мойын омыртқасы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.
Оқиға 12 қаңтарда 13:00 шамасында болған. Жиһазды алтыншы қабаттың терезесінен лақтырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также