Ақтауда төбелесіп жұмыстан шығарылған полицей қайта қызметке алынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2023 жылы Ақтау ПБ жергілікті полиция қызметінің басшысы түнгі клубта төбелескені үшін қызметінен босатылды. Жақында ол қызметіне қайта алынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистер оның әлеуметтік желілерінен қалалық жергілікті полиция қызметінің даулы басшысы құқық қорғау органдарында жұмысын жалғастырып жатқанын біліп, пікір алу үшін Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінген.

Сұрауға жауап ретінде бір сөйлем келген: "Сот шешімі бойынша, қызметкер сол лауазымға қайта алынды".

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2023 жылдың 27 қарашасында сағат 02:00 шамасында Ақтау ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы қаладағы түнгі клубтардың бірінде төбелескен. Атышулы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, тәртіптік комиссияның шешімі бойынша екі қызметкер ішкі істер органдарынан қызметінен босатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама