Ақтауда төтенше жағдай режимін бұзған екі кафе анықталды

Көрнекі сурет © pixabay.com

Ақтауда түнгі рейд барысында төтенше жағдайға байланысты 90-ға жуық нысан тексерілген, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтауда түнгі рейд барысында төтенше жағдайға байланысты 90-ға жуық нысан тексерілген, - деп хабарлайды Lada.kz.

Портал мәліметінше, 15 шағынаудандағы сағат 22:00 шамасында "15-69" дәмханасы ашық екені анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған. Кафе иелеріне ескерту, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл не 15 күнге дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.  

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ақтау қаласы 5 шағынаудандағы R12 дәмханасы жасырын түрде ашық болған, алайда иелері есікті ашпағандықтан электр желісі сөндірілді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін", - деді Президент.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама