28 наурыз 2023 | 10:55

Ақтауда Ұлы Отан соғысының 98 жастағы ардагері қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтауда Ұлы Отан соғысының ардагері Алуадин Орақұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда Ұлы Отан соғысының ардагері Алуадин Орақұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Алуадин Орақұлы 1925 жылы 25 наурызда Гурьев облысы Жылыой ауданы Амангелді ауылдық округінде дүниеге келген.

1943 жылы әскер қатарына алынған. Сол жылдың тамызында 90-гвардиялық дивизияның 272-атқыштар полкінің құрамында Орел, Курск, Белгород түбіндегі кескілескен шайқастардың дәл ортасында болды. Курск шайқасына қатысып, ауыр жараланған.

Реклама
Реклама

I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, III дәрежелі Даңқ ордендерімен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен, В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай мерекелік медальмен, "1980 жылғы Социалистік жарыс жеңімпазы" медалімен, "Украина мен Белоруссияны азат еткені үшін" медальдарымен және басқа да марапаттармен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная