ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2022 | 09:33
Ақтауда үш тәулік бойы ауыз су болмады
Үш тәулік бойы Ақтау тұрғындары ауыз су тапшылығын көрді. Су қоймасындағы су жеткіліксіз болуына байланысты бүкіл қала мен Приморский кенті ауыз сумен қамтамасыз етілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үш тәулік бойы Ақтау тұрғындары ауыз су тапшылығын көрді. Су қоймасындағы су жеткіліксіз болуына байланысты бүкіл қала мен Приморский кенті ауыз сумен қамтамасыз етілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтау тұрғындары дабыл қақты. Былтыр жазда қаланы сумен қамтамасыз етуге байланысты ақау шыққан. Бірақ ол кезде бүкіл қаладағы су өшірілмеген.
"Олар 1 сәуірде өшіретіндері туралы алдын ала ескертсе, бұл жолы ештеңе айтқан жоқ. Үйімде бір грамм ауыз су жоқ. Не істеуіміз керек? Не болып жатқанын түсінгіміз келеді", - дейді төртінші шағынаудан тұрғыны Ксения Сәлімова.
"МАЭК Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметі мәліметінше, ауыз су өшірілуі орталық сумен жабдықтау торабы-2 су қоймаларындағы төмен деңгейге байланысты болып отыр.
"Биыл 3 сәуірде сағат 22.00-ге дейін Ақтауға ауыз су беру орталық сумен жабдықтау торабы-2 су қоймаларындағы төмен деңгейге байланысты тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.
Бұған дейін, 31 наурызда 1 сәуірде жоспарлы аттестация өткізіліп, таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін ауыз су болмайтыны туралы хабарлама жіберілген. Алайда белгіленген уақытта қаланың барлық тұрғыны сумен қамтамасыз етілмеген.
"Ауыз су қысымы жоғарылауына байланысты орталық сумен жабдықтау торабы-3 ауданындағы құбырда жарылыс болды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілі.
2 сәуірде таңғы сағат 10-да қаланы сумен жабдықтау толық қалпына келтірілген. Халық арасындағы үрей "Қазатомөнеркәсіп МАЭК" Ақтау мен жақын маңдағы елді мекендерді сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын болуына байланысты туындаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также