Кеше | 16:33

Ақтауда ұшақ құлаған жерде түсірілім жасаған блогер ұсталды

Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Ақтауда блогері Азамат Сарсенбаевты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда блогері Азамат Сарсенбаевты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзінің ұсталғаны туралы Азамат Сарсенбаев Instagram-парақшасында жазды.

"Мені ұстады. Ақтау Полиция басқармасына барамын. Ұшақ апаты орнына түсірілім жасағаным үшін болса керек", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысының Полиция департаменті тілшіге Азамат Сарсенбаевтың қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталғаны туралы хабарлады.

"Ол апат орнына дрон ұшырып, құтқарушылар мен тергеу әрекеттеріне кедергі келтірді және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Қазіргі уақытта құқық бұзушы полиция басқармасына жеткізілді, оған қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады полиция.

Бұған дейін блогер дрон арқылы Ақтаудағы жолаушылар ұшағы апатының салдарын түсіріп, суреттерді жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная