17 қыркүйек 2020 10:53

Ақтауда үйлену тойын өткізген шенеунік жазаланбады

Видеодан алынған кадр

Ақтауда үйлену тойын ойнаған шенеунік еңбек демалысында болғандықтан жазаланбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда үйлену тойын ойнаған шенеунік еңбек демалысында болғандықтан жазаланбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері айтты. Олардың айтуынша, шенеунік 25 тамыздан бастап еңбек демалысында.

Реклама
Реклама

"Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының газ, газбен жабдықтау саласындағы бақылауды жүзеге асыру және ТКШ объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау бөлімінің бас маманы Жанболат Жақыпов 2020 жылдың 25 тамызынан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында. Заңға сәйкес Жақыповқа қатысты мәселелер демалыс аяқталғаннан кейін қаралаады", - деді Маңғыстау облысының әкімдігінің өкілдері.

Алайда санитар дәрігерлер карантин кезінде үйлену тойын өткізген Жанболат Жақыповқа 83 000 теңге айыппұл салған.

Еске салайық, мұның алдында Ақтауда үйлену тойын өткізген шенеуніктің видеосы тараған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram