Ақтаудағы дүкеннің ашылуында тұрғындар бір-бірін таптап кетті

Ақтаудағы дүкеннің ашылуында тұрғындар бір-бірін таптап кетті "Лада" газетінен

Ақтау қаласында техника сататын дүкеннің ашылуына орай тауар арзандатылып сатылғандықтан тұрғындардардың көп жиналғаны соншалық, ине шаншар орын болмай, тіпті келушілер бірін-бірін таптап кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" газетіне сілтеме жасай отырып. Арзан техникаға қол жеткіземін деп келген сатып алушылардың балалары қалың топта қысылып, кейбіреуі құлап, тіпті жарақат алғандары да болды. Дүкенге жиналған қалың жұрт дүкеннің қоршауын да сындырып кеткен. Бір жас жігіт қалың топтың арасында өзіне бірнеше соққы тигеннен кейін дүкенге кіруден бас тартқанын айтады. Алайда, тобырдың арасынан сыртқа шығу мүмкін болмаған. Даурыққан халықты тәртіпке шақыруға келген полиция қызметкерлеріне біраз уақыт еңбектенуге тура келді. Әйтеуір, әрең дегенде адам шығынынсыз сатып алушылар тәртіпке келтіріліп, дүкен маңы босатылды.
Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама