Ақтаудағы пәтердегі жарылыс: дәрігерлер әскери қызметкердің жағдайы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: lada.kz

Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметкері үйде белгісіз заттың жарылуынан зардап шекті. Дәрігерлер ер адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметкері үйде белгісіз заттың жарылуынан зардап шекті. Дәрігерлер ер адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық ауруханасының мәліметінше, әскери қызметкер 3 желтоқсанда жедел жәрдем көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне түскен.

"Науқас сағат 13:28-де жеткізілді. Қабылдау кезінде ол барлық сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер жарақатқа шұғыл тексеру жүргізіп, сол қолды білекке дейін кесу туралы шешім қабылдады. Қазір ол травматология бөлімінде емделіп жатыр", - деп хабарлады ауруханада.

Реклама
Реклама

Жарылыс әскери қызметкердің пәтерінде болған.

"Ақтау әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшісі үйде белгісіз заттың жарылуынан жарақат алды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама