Ақтаудағы Президент резиденциясының орнына не салынады?

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясының орнында не салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясының орнында не салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындармен кездесу барысында облыс әкіміне Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясы орнын пайдаланылуы туралы сұрақ қойылды. Өңір басшысының айтуынша, 225 гектар жерге он мың орындық стадион, мешіт, балалар алаңдары және теңіз жағалауында шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін нысандар салу жоспарланып отыр.

"Бұл аумақ қазірдің өзінде қаланың бас жоспарына енгізілді, мемлекеттік сараптамаға келісу және дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Самал шағынауданында орналасқан жер учаскесі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын осы аумақтың бағалау құны шамамен бір миллиард теңге болған", – деді әкім.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама