24 қазан 2023 | 12:55

Ақтаудағы спортшының өлімі: полиция қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © lada.kz

Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шалнованы өлтіріп, зорлау дерегін тергеген полицейлер сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шалнованы өлтіріп, зорлау дерегін тергеген полицейлер сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты 362-бап "Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық прокуратурасы да растады.

Бұған дейін зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлері қылмысты жасыруға тырысып, оның дер кезінде ашылуына белгілі бір кедергілер жасағанын айтқан еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ақтауда 2 шілде күні су арнасынан жас қыз Валерия Шалнованың денесі табылған болатын. Ол қоян-қолтық ұрыстан кәсіби түрде жаттығады. Ол көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан.

Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша іс қозғап, кейін оны 119-бапқа - "Қауіпті жағдайда қалдыруға" өзгертті. Кейін құқық қорғау органдары 21 жастағы спортшының өліміне қатысты бапты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" деп өзгертті. Күдікті қамауға алынды.

Марқұмның туыстары басқа өңірдегі мамандардың көмегімен тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етті. 18 шілдеде Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шалнова жерленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная