Кеше | 14:07

Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан қазақстандық мұнайшылар туралы не белгілі?

Фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ

25 желтоқсанда Ақтауда болған Azerbaijan Airlines ұшағы апатынан 38 адам қайтыс болды, олардың ішінде алты қазақстандық бар. Қаза тапқан Бауыржан Жұмағұлов пен Сәндібек Төлесіновтың әріптестері олардың отбасыларына көңіл айтты және естеліктерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 желтоқсанда Ақтауда болған Azerbaijan Airlines ұшағы апатынан 38 адам қайтыс болды, олардың ішінде алты қазақстандық бар. Қаза тапқан Бауыржан Жұмағұлов пен Сәндібек Төлесіновтың әріптестері олардың отбасыларына көңіл айтты және естеліктерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бауыржан Жұмағұлов 1985 жылы дүниеге келген. 2008 жылы "ӨзенМұнайСервис" ЖШС-не жұмысқа қабылданып, ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасында 4-разрядты бұрғылау көмекшісі болып жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

"Бауыржан Жұмабайұлын моральдық қасиеттері жоғары және еңбекқор адам ретінде танимыз. Ол ұжымда сыйлы адам болды.

Кез келген жұмысты терең түсініп, назармен орындап, еңбекқорлық пен табандылық танытты. Ол адал, әділ және мейірімді адам еді. Оның достыққа адалдығы, жақындарына қамқорлығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі ешқашан ұмытылмайды. Осы лайықты адамның жарқын бейнесі, жақсылыққа ұмтылу мен адамгершілік құндылықтарға берілгендігі, оны танығандардың жүрегінде мәңгі қалады", - делінген "ӨзенМұнайСервис" ЖШС хабарламасында.

Тағы бір қаза тапқан Сәндібек Төлесінов "МұнайФилдСервис" ЖШС-інде - "Өзенмұнайгаздың" мердігер ұйымында механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері болып жұмыс істеген. Мұнай саласында ол 16 жылдан астам еңбек еткен.

Сәндібек Төлесінов

Төлесінов туралы әзірге көп ақпарат жоқ. Алайда тілшіміз оның ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеген әріптесімен байланысқа шықты. Сәндібек Екібайұлының өмірі мен еңбегіне қатысты материалды жақында сайтта жариялаймыз.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтты.

Сондай-ақ брифингіде Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған барлық қазақстандықтың қаза тапқаны айтылды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.

Апат себебіне қатысты бірнеше нұсқа айтылды. Бір нұсқа бойынша, апатқа ұшақ пен құстар тобының соқтығысуы себеп болған. Тағы бір БАҚ бортта оттегі багы жарылғанын хабарлады. Embraer Ақтау әуежайына 3 минуттан аз уақыт қалғанда рульді басқара алмай, апатқа ұшырады.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған:

  • 42 Әзербайжан азаматы;
  • 16 Ресей азаматы;
  • 6 Қазақстан азаматы;
  • 3 Қырғызстан азаматы;
  • Ұлты белгісіз екі әйел, біреуі шамамен 32 жаста, екіншісі шамамен 40 жаста.

Кейінгі мәліметтер бойынша, 29 адам аман қалған. Олар Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары.

Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.

Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная