ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше | 12:50
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан ұшқыштың қызы жантебірентер жазба жариялады
Ақтауда болған ұшақ апатында қаза тапқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшқышы Игорь Кшнякиннің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арналған жантебірентерлік жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әке, сен менің қаһарманымсың, әрдайым жүрегімде боласың. Сен ондаған адамның өмірін құтқару үшін бар күшіңді салып, өз өміріңді құрбан еттің. Сен өте мықтысың және мен әрдайым сен сияқты әкем болғанына мақтанамын. Сен өте көңілді едің, біз үшін барлығын жасайтынсың, бізді бақытты етуді ғана қалайтынсың. Ең жақсы әкесің! Сенің жаның жаннатта болатынына сенемін", - деп жазды марқұмның қызы.
Айта кетейік, Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Баку - Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатып, 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде бес экипаж мүшесі және 62 жолаушы. Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты, 29 адам аман қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также