21 ақпан 2023 | 10:53

Ақтаулық еріктілер 27 жыл бір-бірін көрмеген туыстарды қайта қауыштырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Астраханьдық Анатолий Самохвалов 27 жыл көрмеген әпкесін Ақтаудан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астраханьдық Анатолий Самохвалов 27 жыл көрмеген әпкесін Ақтаудан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтаудағы Lider.kz еріктілерінің айтуынша, Анатолий Самохвалов бір ай бұрын хабарласып, ағасы Геннадийді табуға көмек сұраған.

Ер адамның айтуынша, оның отбасы, атап айтқанда, әпкесі, ағасы және әкесі мен анасы Астраханьнан Ақтауға (ол кезде бұрынғы Шевченко) көшіп кеткен және ол хабарласа алмаған.

Реклама
Реклама

Интернетте бір ай іздегеннен кейін және желіде жіберілген көптеген хабарламадан кейін еріктілер Анатолийдің әпкесі Любовь Владимировна Шевченконы (Самохвалова) тапқан. Әпкесінің айтуынша, екінші ағасы мен ата-анасы, өкінішке қарай, қайтыс болған. Ал Любовь енді Анатолийді табамын деп үміттенбеген екен.

Іздестіру жұмыстарына үлес қосқан еріктілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлескен әрекеті арқасында 27 жыл ажырасқан аға мен әпке қайта қауышты.

20 ақпанда олар телефон арқылы сөйлесті. Анатолийдің көру қабілеті нашар, сондықтан оған Любовь баратын болып келіскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная