20 мамыр 2021 | 09:11

Ақтаулықтар ипотекасын жапса да 4 жылдан бері пәтер кілтін ала алмай отыр

Фото: Lada.kz

Отбасы банктің атыраулық салымшылары төрт жылдан бері пәтерлеріне кіре алмай отыр. Несие мен ары-бері көшуден бастары қатқан тұрғындар әкімдікке басып кірген. Тұрғындар шенеуніктерден үй салушыға байланысты мәселені шешуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Astana TV.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Отбасы банктің атыраулық салымшылары төрт жылдан бері пәтерлеріне кіре алмай отыр. Несие мен ары-бері көшуден бастары қатқан тұрғындар әкімдікке басып кірген. Тұрғындар шенеуніктерден үй салушыға байланысты мәселені шешуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Astana TV.

Телеарна мәліметінше, 100 пәтерлі "Атамекен" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2015 жылы басталған. Ондаған салымшы осы тұрғын үйді таңдаған. Оларды екі жылдан кейін пәтеріне кіретінін айтып сендірген. Бірақ артынша салушы алаяқтық жасағаны үшін түрмеге қамалған. Кешен құрылысын екінші кәсіпкер қолға алған. Осылайша тұрғын үй кешенін тапсыру мерзімі жылдан жылға жалғаса берген. Кезекті дау туғаннан кейін кешен биыл мамырда тапсырылатыны айтылған.  

"Мен биыл ақпанда алты жылдық несиені жапқандардың бірімін. Бірақ пәтерімді әлі ала алмай отырмын. Екі жылдан бері пәтер жалдап келе жатырмын, бұл қашанға дейін жалғасатыны белгісіз", - дейді ақтаулық тұрғын Балболсын Арсынғалиева.  

Реклама
Реклама

Салымшылардың сөзінше, олар пәтерін толығымен сатып алған. Бірақ енді құрылыс компаниясы олардан тұраққа тағы қосымша екі миллион теңге сұрап отыр екен. Ақшаны берген жағдайда ғана тұрғындар қолына көптен күткен пәтер кілтін алады-мыс. 

"Әрбір тұрақ орнына екі миллион теңге деген өте көп. Бастапқыда оны өзі қалаған адам алатын, ал қазір мәжбүрлеп отыр. Егер үйді салып біткенімізді, пәтерге кіргендеріңізді қаласаңыздар тұрақтан орын алыңыздар деп айтты", - дейді Марал Аманғалиева. 

Бұған дейін құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салуды жалғастыруды әкімдік сұрағанын айтқан. Инвестор тауып беруге уәде еткен, бірақ даулы нысанға ақша салатын ешкім шықпаған.  

"Біз жүйені өзіміз жүргіздік, әкімдік бізге көмектескен жоқ. Инвестор іздеп жатырмыз. Егер біреу келіссе біз ақшаны қайтаруға дайынбыз. Жұмыс істеп, ақшаны ары кетсе жарты жылда қайтарамыз", - деді "Багис" ЖШС директоры Бақыт Ижанова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная