25 сәуір 2022 | 09:37

Ақтаулықтар жағалауда жаңбыр шақыру рәсімін өткізді

Фото: Рашид Исмагилов

Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр алдындағы алаңға 2000-нан астам адам жиналып, бірге намазды оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лада сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр алдындағы алаңға 2000-нан астам адам жиналып, бірге намазды оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лада сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараны өткізуге Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облыстық Бекет-ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов бастамашы болды.

Әнуар Елжановтың айтуынша, "Тасаттық" рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған.

Реклама
Реклама

"Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен", - дейді ол.

Имам Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін дәл қазір жаңбыр қажет екенін айтты.

Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная