11 қыркүйек 2019 | 10:41

Актер Нұрлан Әлімжанов ант қабылдады

Актер Нұрлан Әлімжанов Мәжілістің жаңа депутаты ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Нұрлан Әлімжанов Мәжілістің жаңа депутаты ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді Әлімжанов ант беру рәсімінде.

Реклама
Реклама

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жаңа депутаттың тіркелгенін мәлімдеді. 

"Біздің қатарымызды тағы бір депутат толықтырды. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Nur Otan партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжанов партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді", - деді төменгі палата спикері.

Әлімжановтың арызы бойынша, депутаттар оны Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына тағайындады. 

Үш баланың әкесі, кітапқұмар, 8-сыныпта ән жазған. Сіз кімсіз, Нұрлан Әлімжанов?


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram