15 желтоқсан 2023 | 14:39

Активтерді қайтару: Қазақстан БАӘ-мен келіссөз жүргізіп жатыр

Фото:depositphotos.com

БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында БАӘ Атқарушы кеңсесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық қылмыстармен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құжат негізгі төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты көздейді:

тараптар виртуалды активтер саласында өзекті тәуекелдер және оларды реттеу мен қылмыстық схемаларды анықтау жөніндегі озық тәжірибелер туралы ақпаратпен алмасатын болады; мемлекеттік- жекеменшік әріптестік бойынша тараптар мемлекеттік және жеке сектор арасында ақпарат алмасу тетіктерін әзірлеуде ынтымақтасатын болады. Мұндай тетіктер қаржылық қылмыстарды тиімдірек анықтап, оның жолын кесуге мүмкіндік береді; отандық сарапшылардың кәсібилігін шыңдауға бағытталған бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр; қылмыстық активтерді қайтару мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту.

"Өзара түсіністік туралы Меморандум трансұлттық қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға БАӘ Атқарушы кеңсесі мен ҚМА арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная