09 шілде 2024 | 11:43

Активтерді қайтару: СҚО-да беделді аудандағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды

көрнекі сурет

СҚО-да активтер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

СҚО-да активтер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

"Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік субъектілері Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 10,2 мың гектар болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Қадағалау органының шараларымен жоғарыда аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды және бүгіндері ауыл шаруашылығы заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тағы бір жағдайда, Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы беделді аудандағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды.

"Барлық қабылданған қадағалау шараларымен мемлекетке жалпы сомасы 300 миллион теңгеден астам активтер қайтарылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная