ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2023 | 09:08
Ақтөбе әкімі қызметінен кетті
Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметін аяқтағанын және қала тұрғындарына алғысын айтты. Ол басқа қызметке ауысқан.
"Құрметті ақтөбеліктер! Қымбатты достар! Бүгін мен сіздермен Ақтөбе қаласының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтағаным жайында және орталыққа басқа жұмысқа ауысатыным туралы жаңалығымды бөлісіп отырмын.
Туған қалам - Ақтөбеме қызмет қылу - мен үшін биік мәртебе, зор жауапкершілік, үлкен тәжірибе мектебі болды. Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлына, барлық әріптесіме ризашылығымды білдіремін. Қолдау көрсеткен барша Ақтөбе халқына алғысым шексіз.
Уақыт бір орнында тұрмайды. Әлі-ақ сіздермен бірлесіп бастаған жұмыстар қаламыздың дамуына оң әсерін береді деп сенемін. Арайлы Ақтөбемді еліміздің сәулетті шаһарларының қатарынан көретініме күмән жоқ.
Қадірлі жерлестер! Мен үшін сіздердің алғыстарыңыздан артық бата жоқ. Ендігі жерде жаңа қызметте елімнің дамуына еңбек етуді жалғастыра беремін. Арайлы Ақтөбені, оның асыл азаматтарын әркез биік тұтамын", - деді ол.
Еске салайық, Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметіне 2023 жылғы қаңтарда тағайындалған еді. Ол бұған дейін энергетика вице-министрі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также