Ақтөбе ауруханасының бас дәрігері атыс кезінде жарақат алғандардың жағдайы туралы айтты

Ақтөбе ауруханасының бас дәрігері атыс кезінде жарақат алғандардың жағдайы туралы айтты © Mossoni.ru

Ақтөбе жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының өкілдері қалада болған атыс кезінде ауруханаға жеткізілген жәбірленушілердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе ЖМКА бас дәрігері Рахымжан Арыстанның айтуынша, қазір емделушілердің жағдайы тұрақты. Ешкім қайтыс болған жоқ. Дәрігер ауруханаға нақты неше адамның жеткізілгенін білмейтінін айтты.

"Кешеден бері бірнеше емделуші түрлі жарақатпен түсті. Қазір нақты неше емделушінің келгенін айта алмаймын. Себебі, кейбірі ем алып жатыр, қайта келіп жатқандар бар. Аурухана штатты режимде жұмыс істеп тұр", - деді бас дәрігер Рахымжан Арыстан.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама