05 наурыз 2021 16:57

Ақтөбе-Хромтау тасжолында қалып қойған жүргізушілер көмек сұрады

Видеодан алынған кадр

Ақтөбе-Хромтау тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыр жүк көлік жүргізушілері тәулік бойы жолда тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе-Хромтау тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыр жүк көлік жүргізушілері тәулік бойы жолда тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына Ақтөбе-Хромтау тасжолында тұрып қалған жүк көлік жүргізушілері көмек сұрап хабарласты. Ауа райы қолайсыздығына байланысты оларға бір күн бойы жолға шығуға рұқсат берілмеген. Дегенмен жеңіл көлік қозғалысы тоқтамаған. Жүргізушілер кептелісте 200-ге жуық көлік тұрғанын хабарлады. 

"Кеше түстен бері осында тұрмын. Ақтөбе-Хромтау бағытында жол жоқ. Көліктер ұзын-сонар кезекте тұр. Кеше Оралдан өттік, онда да жол осындай жағдайда. Дизель отыны бітті, ақша жоқ. Жолдар тазаланбайды", - деді жүргізуші Серік Көшаков.

Реклама
Реклама

Тасжолда боран, қатты жел және көктайғақ. Құтқарушылар ауа райына байланысты жолдар жүк және жолаушылар көлігі үшін жабық екенін хабарлады. Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолы 776-шақырымнан 965-шақырымына дейін, Белогорка кентінен Қарабұтақ кентіне дейін жабылды.​ Сондай-ақ, облыстық маңызы бар Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолы толығымен жабық.

"Жолдар жабылуына байланысты жүк көліктері қазіргі уақытта елді мекендер маңында тоқтады. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізу қарастырылмайды",- деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Руслан Сахиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram