Ақтөбе көшелерін су басты: тұрғындар жұмыс пен үйге әрең жетіп жүр

Ақтөбе көшелерін су басты: тұрғындар жұмыс пен үйге әрең жетіп жүр Бейнеден кадрлар

Ақтөбе тұрғындары үшін үй мен жұмыс арасындағы үйреншікті жол су кедергілерін еңсеруге айналып барады. Кезекті нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындар аялдамаға дейін тізеден су кешіп жетуге мәжбүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе тұрғындары үшін үй мен жұмыс арасындағы үйреншікті жол су кедергілерін еңсеруге айналып барады. Кезекті нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындар аялдамаға дейін тізеден су кешіп жетуге мәжбүр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар әлеуметтік желілерде табиғат тосын мінезінің салдары бейнеленген кадрларды жариялап жатыр: жаяу жүргіншілер суды кешіп жүрсе, автокөліктер жолдың су басқан бөліктерінен әрең өтеді. Видеолардың бірінде автобус аялдамасы маңында адамдардың су кешіп бара жатқаны көрінеді, өйткені су тротуар мен жиектасты басып кеткен.

Жарнама
Жарнама

Ақтөбеліктердің айтуынша, жұмысқа немесе үйге баратын күнделікті жол барған сайын су кедергісінен өтуге ұқсап барады. Көпқабатты үйлер ауласында да жағдай мәз емес.

"Бұл Есет батыр көшесі, 168-үй. Су аулаға ағып, жертөлелерге толып жатыр", - деп жазады тұрғындар әлеуметтік желіде.


Ақтөбеліктер әр жаңбырдан кейін су белгілі бір жерлерде қайта пайда болатынына шағымданады. Кейбір аулалар мен орамішілік жолдарды су толықтай басқан. Әкімдіктегілер коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығы салдарын жоюға 110 ассенизаторлық машина, бес сорғы станциясы мен мотопомпалар жұмылдырылған. Қала билігінің мәліметінше, бірінші кезекте су көше-жол желілері мен қаланың ең проблемалы учаскелерінен сорылып жатыр.

Бұл ретте әкімдіктегілер көппәтерлі үйлер ауласындағы суды соруды ПИК мен МИБ төрағалары тұрғындармен бірлесіп ұйымдастыруы тиіс екенін атап өтті. Жаңбыр суын ағызу үшін қалада 30 арнайы орын белгіленген. Шенеуніктер су басу себебін жауын-шашын мөлшерінің мөлшерден асып түсуімен түсіндіреді.

"Қалада 60 100 метр арық жүйесі мен 69 жинақтаушы құдық бар. Тәулік бойы толассыз жауған нөсерге байланысты, арық желісі бір айлық нормадан асатын су көлемін жедел өткізіп үлгермеген жағдайлар расымен болды. Арнайы техниканы тарту арқылы жағдай тұрақталып келеді. Қазіргі уақытта жаңбыр суы каналдар мен арық желілері арқылы штаттық режимде ағып жатыр", - деп түсіндірді Ақтөбе әкімдігі.

Осыған қарамастан, тұрғындар жаңадан су басқан жерлер туралы хабарлап, көшелер мен аулалардың бейнежазбаларын жариялауды жалғастырып жатыр.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өңірде жауын-шашынды ауа райы осы аптаның соңына дейін сақталады. Яғни, коммуналдық қызметтер мен қала тұрғындарына әлі де ұзаққа созылатын жауын салдарымен күресуге тура келеді. Әзірге Ақтөбенің біраз көшесі қалалық магистральдан гөрі нағыз су арнасына көбірек ұқсап тұр.

“Майшамның жарығымен отырмыз“. Ақтөбе толассыз жауған жаңбырдың зардабын тартып отыр

Бұған дейін Ақтөбеде толассыз жауған жаңбырдан көпқабатты үйлерде жағдай қиындағанын жазған болатынбыз. Су шатырлар мен техникалық қабаттар арқылы өтіп, кіреберіс пен пәтерлерге жайылған. Кейбір түрғындар үйінде электр сымдары қысқа тұйықталып, соның салдарынан пәтердегі жарықты өшіруге тура келген. Ресми мәліметтер бойынша, облыс орталығында үш апта ішінде жылдық климаттық нормаға жуық жауын-шашын жауған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама