“Ақтөбе мектептеріне шабуыл“: полиция қорқынышты хабарға пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Полиция "Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасалады" деген қорқынышты хабарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция "Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасалады" деген қорқынышты хабарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасамақ деген жалған ақпарат тарап кеткен. Бұл дерек бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

"Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді полиция.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген: мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артқан.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы мектептерге қатысты осындай фейк жұртты үрейлендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама