Ақтөбе облысы әкімдігі сиырлардың өлімі туралы ақпаратқа пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының әкімдігі сиырлар аурудан өлгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімдігі сиырлар аурудан өлгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аудандық ветеринарлық станцияның ветеринар мамандары жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларына аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Қолдану нұсқаулығына сәйкес, жануарларда вакцинациядан кейінгі синдром байқалды", - деді облыстық әкімшілік өкілдері.

Мал иелерінің өтініші бойынша ветеринар мамандар вакцинациядан кейін термометрия жүргізіп, мал иелеріне вакцинацияланған жануарларды сау жануарлардан бөліп, оларды жайылымға жібермеу керектігін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Бүгінде екпеден кейін ауырған малдар арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Облыс орталығында бір типтік мал қорымы бар, ветеринария мамандары мал қорымына сараптама жүргізді, өлген малдар табылмады", - деп толықтырды әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама